АҚШ-та гидроұшақ құлап, бір адам көз жұмды, ал сегізі із-түссіз жоғалғандар санатында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Америкалық жағалау күзетінің твиттердегі хабарамасына сүйенсек, Сан-Хуан аралынан Сиэлта халықаралық әуежайынан ұшып шыққан ұшақ мұхитқа құлаған. Бортта тоғыз адам болған, оның біреуі бала.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бір адамның ғана денесі табылған, ал сегізінен хабар-ошар жоқ. Апат себептері әлі хабарланған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу