АҚШ-та акциялар нарығы өсті

249

S&P 500 тамыздағы шығынды толық қайтарып алды. 

АҚШ-та акциялар нарығы өсті Фото: Finversia

Бейсенбі күні америкалық қор индекстері айтарлықтай артып, S&P 500 және Nasdaq алтыншы сессия қатарынан оң нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Шілде айында АҚШ-тағы бөлшек сауда өткен айға қарағанда 1%-ға өсті. Дегенмен елдегі жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға жаңа өтінімдердің саны өткен аптада 227 мыңға дейін азайып, бұл еңбек нарығының тұрақтылығын көрсетеді.

Инфрақұрылымдық капитал кеңесшілерінің бас атқарушы директоры Джей Хатфилдтің сөзінше, нарықты шарпыған құлдыраудың тәуекелі жойылды.

Айтуынша, қор нарығының тез қалпына келуі таңқаларлық жайт емес. Оған трейдерлердің 2 тамызда жарияланған шілде айында АҚШ-тағы жұмыссыздық туралы деректерге жауабы себеп.

Инвесторлар Федералды резервтік жүйе қыркүйек айында ақша-несие саясатын жеңілдетуге кірісетініне сенімді. CME FedWatch дерегінше, қыркүйек айындағы отырыста мөлшерлеменің 25 базистік тармаққа төмендеу ықтималдығы нарықта 74,5%-ға бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу