АҚШ-тың Техас штатының солтүстігінде алапат құйын кем дегенде жеті адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Fox 4 мәліметінше, ондаған адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.
Негізінен Вэлли-Вью шаһарында зардап шеккендер көп.
Кем дегенде жеті адам, оның ішінде екі бала көз жұмды, ондаған адам жарақат алды. Билік құрбандар саны әлі артады деп қауіптеніп отыр, - делінген телеарна мәліметінде.
Алапат құйын жанармай құю бекетін толықтай жойып жіберген, сол маңдағы дүкенде 80-ге жуық көлік жүргізушісі болған. Жергілікті шериф олардың арасында зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеме жасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу