Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абдул Эль-Сайед Сенатқа сайланған тұңғыш мұсылман атанды. Ол тамыз айында Мичиган штатында Сенатқа кандидатты анықтау үшін өткен Демократиялық партияның праймеризінде жеңіске жетті. Оның қарсыласы АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі, демократ Хейли Стивенс болатын.
Сайед Израиль билігін Газада геноцид жасады деп айыптап, АҚШ-тың бұл елге беретін қаржылық көмегін тоқтатуды талап етті, ол палестиналықтарды қолдайтынын жеткізді.
Сондай-ақ Мичигандағы денсаулық саласындағы басқару тәжірибесімен елдің назарын аударды.
Оның толық аты-жөні – Абдулрахман Мухаммед әль-Сайед. 42 жастағы саясаткер Мичиганда туып-өскен. Ата-анасы – мысырлық иммигранттар. Олар Абдул Эль-Сайед 3 жасқа толғанда ажырасып кеткен.
"Дональд, менің атымды есте сақтау саған қиын болғанын білемін. Қаңтарда Джей Ди маған ант қабылдатқаннан кейін, мені жай ғана сенатор деп атасаң болады", – деді Абдул Эль-Сайед.
Айта кету керек, бұған дейін АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесі бойынша Трамптың партиясы жеңіліп жатқанын жазғанбыз.