АҚШ-тың Миссисипи штатында әскери ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған 16 адамның барлығы, қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Оқ-дәрі тиеген С-130 әуе кемесі аймақ орталығынан солтүстікке қарай Лефлор округінде құлаған. Қаза тапқандар – теңіз жаяу әскерінің сарбаздары. Кейбір деректерге қарағанда, қайғылы жағдайға жарылыс себеп болған. Куәгерлер ұшақтың бір жағы қатты түтіндеп, сосын жерге құлағанын айтады.
Теңіз жаяу әскерінің өкілі Сара Бернстің мәлімдеуінше, апатқа техникалық ақау себеп болуы да мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеріліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу