АҚШ-та атыс болды

1834

Күдіктінің бұл қадамға баруына қалыңдығымен сөзге келгендігі себеп болыпты. 

АҚШ-та атыс болды

АҚШ-тың Чикаго қаласында атыс болып, салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Мерт болғандардың ішінде атыс ашқан қаскөй, 1 тәртіп сақшысы мен медицина орталығының екі қызметкері бар. Белгілі болғандай, қаруланған адам медициналық орталыққа баса-көктеп кіріп, ішіндегілерге бей-берекет оқ ата бастаған.

Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, күдіктінің бұл қадамға баруына осы ауруханада жұмыс істейтін қалыңдығымен сөзге келгендігі себеп болыпты.

Атыс оқиғасы Колорадо штатының Денвер қаласында да тіркелді. Салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы үшеуі ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы мүшкіл.

Күдікті ізін суытып үлгерген. Қазір ол іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу