Құрама Штаттардың Сиэтл қаласындағы наразылық шарасы кезінде қаскөй автокөлікпен адамдарды қағып өтті. Содан кейін көлігінен шығып, оқ жаудыра бастаған. Ресми дерекке сүйенсек, атыс салдарынан бір адам жарақат алды. Дәрігерлер оның қазіргі жағдай қалыпты деп отыр. Тәртіп сақшылары қаскөйді дер кезінде қолға түсірген. Қазір олар осы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Еске сала кетсек, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис штатында полицейлер Джордж Флойд есімді афроамерикалықты абайсызда өлтіріп алған болатын. Содан кейін елде ереуілдер басталып, тіпті Еуропаға дейін жетті.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу