Байден мен Трамптың дебаты экономика туралы дау-дамайдан басталды

170

АҚШ президенті Джо Байден мен Дональд Трамптың алғашқы теледидарлық дебаты Атлантада өтті. Іс-шараны CNN телеарнасы ұйымдастырды. 

Байден мен Трамптың дебаты экономика туралы дау-дамайдан басталды Фото: © AP Photo / Gerald Herbert

АҚШ тарихында алғаш рет дебат өткізілген студияда көрермендер болған жоқ, тек телеоператорлар, модераторлар мен қатысушылар болды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Пікірсайыс экономика мәселелерін қозғаудан басталды: қазіргі президент Байден Трамп экономиканы тұрақсыздық жағдайында қалдырды деп айыптады, ал бұрынғы мемлекет басшысы АҚШ ешқашан ол ел басқарған кездегідей жақсы өмір сүрмегенін айтты.

Трамп сонымен қатар Байден мақтан тұтатын экономиканың және әсіресе еңбек нарығының өсуі қалыпты дүние екенін айтып, инфляция "елді өлтіреді" деп мәлімдеді.

Байден бірінші болып қарсыласын қорлап, Трампты "жолы болмайтын лузер" деп атады.

Экс-президент, өз кезегінде, Байден осы жылдың күзінде АҚШ президентін сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, Америка Құрама Штаттарынан "ештеңе қалмайды" деп алаңдаушылық білдірді. Трамп сонымен қатар Байденді "Америка тарихындағы ең нашар Президент" деп атады.

Трамп өзінің физикалық әл-ауқаты өте жақсы екенін, ал Байден миын тексеруі керек деп мәлімдеді.

Экс-президент Ақ үйдің саясатына байланысты әлем Дүниежүзілік соғысқа өте жақын екенін атап өтті. Байден бұған жауап ретінде мұндай қақтығыс "Ресей Киевті басып алғаннан" кейін басталады деп мәлімдеді.

Трамп сонымен бірге Украина Ресеймен қақтығыста жеңіліп жатқанын айтып, Ақ үйге оралғанға дейін Украинадағы қақтығысты шешуге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу