АҚШ-та балаларды вакциналауға рұқсат етілді

643

Оларға екпе салдыру процесі қарашада басталады.

АҚШ-та балаларды вакциналауға рұқсат етілді Фото: reuters.com

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу федералды орталықтары бес 5-11 жас аралығындағы балаларға америкалық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech компаниясы шығарған вакцинаны салдыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Орталық комиссиясының мүшелері балаларға бұл препараттың екі дозасын егу керек деген пікірде.  

Осы жас аралағындағы балаларға арналған бұл вакцинаның бір дозасы ересек адамға арналған дозаның үштен бірін құрайды. Оның екінші дозасы үш апта өткеннен кейін салынуы керек. Екпе жақын арада сатылымға шығарылады.

Ескере кететін жайт, Құрама штаттарда 5-11 жас аралығында 28 миллион бала бар. Оларға екпе салдыру процесі қарашада басталады.

Қыркүйек айында Ұлыбританияда жасөспірімдерді вакциналау басталды. Бұл елде оқушыларға инъекция жасау үшін ата-аналардың рұқсаты қажет емес.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу