АҚШ-та балалардың коронавирус жұқтыру фактілері көбейді

946

Америкалық маман вакцинацияланбаған адамдардың көп болуы штамдардың мутацияға ұшырауына  әкеліп соғуы ықтимал деген пікірде.

АҚШ-та балалардың коронавирус жұқтыру фактілері көбейді

АҚШ-тың Флорида штатындағы балалар ауруханалары "дельта" штамын жұқтырған балаларға лық толы, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап. 

8 тамызда штатта коронавирус инфекциясына шалдыққан балалардың саны рекордтық деңгейге жетті. Ол күні 172 науқас тіркелді. Флоридадағы Халықаралық университеттің жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Эйлин Мартидің айтуынша, педиатрлар, медбикелер мен басқа да қызметкерлерге қазір өте қиын соғып жатқан көрінеді.

"Бұл өте қорқынышты. Балаларымыз қатты қиналып кетті. Біз мұндайды бұрын-соңды көрген емеспіз", – деді ол.

Ресми дерек бойынша, басқа штаттарда да вирус жұқтырған балалардың саны артуда. Мысалы, Арканзаста ауруханаға жатқызылғандардың саны 4 тамызда күрт өсіп кеткен.

Бұған дейін АҚШ-тағы Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фауки болашақта вакцинацияға төзімді штамдар пайда болуы мүмін дегенді айтқан болатын. Оның пікірінше, вакцинацияланбаған адамдардың көп болуы вирустың мутацияға ұшырауына әкеліп соғуы ықтимал.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу