АҚШ-та балаларға вакцина егуге рұқсат берілді

880

Бұл елде 5-11 жас аралығында 28 миллион бала бар.

АҚШ-та балаларға вакцина егуге рұқсат берілді

АҚШ-тың медициналық реттеушісінің сараптамалық комиссиясы 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егуді ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының мамандары бұл ұсынысты қабылдады. Олардың пікірі бойынша, препараттың зиянынан гөрі пайдасы көбірек. Осы жас аралығындағы екі миллионға бала коронавирус дертіне шалдыққан, олардың 8 300-і ауруханада ем қабылдап жатыр. Ауруханаға жатқызылғандардың үштен бірі қарқынды терапияға мұқтаж.

Ескере кететін жайт, Құрама штаттарда 5-11 жас аралығында 28 миллион бала бар. Оларға екпе салдыру процесі қараша айында басталады.

Қыркүйек айында Ұлыбританияда жасөспірімдерді вакциналау басталды. Бұл елде оқушыларға инъекция жасау үшін ата-аналардың рұқсаты қажет емес.

Табиғат Нұрболат
Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу