АҚШ-та банкте болған атыста 5 адам көз жұмды

997

Жарақат алғандар да бар.

АҚШ-та банкте болған атыста 5 адам көз жұмды

АҚШ-тың Флорида штатындағы SunTrust банкінде атыс болып, 5 адам ажал құшты. Тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Себринг қаласында орын алды. 21 жастағы Зефен Ксавер есімді күдікті банк ғимаратына баса көктеп кіріп, тонамақ болған. Адамдарды алдымен кепілге алып, артынша оларға бей-берекет оқ жаудырған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, полиция  қаскөйді қолға түсірген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу