АҚШ-та банктегі атыс кезінде алты адам қаза тапты

470

Полицияның мәліметінше, Луисвиллдегі банкке шабуыл жасаған ер адам дәл осы құрылымда бұрын істеген не оның қызметкерлер қатарында болуы мүмкін. 

АҚШ-та банктегі атыс кезінде алты адам қаза тапты Фото: static.dw.com

Күні кеше Американың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласындағы банкке жасалған шабуылда бес адам қаза тапты, оның ішінде шабуылдаушының өзі де бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тағы сегіз адам, оның ішінде атысқа қатысқан екі полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, делінген полиция хабарламасында. Кейін жараланғандардың бірі ауруханада қайтыс болды, деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Полицейлердің бірі ауыр жағдайда екендігі хабарланды. Луисвилл полиция бастығының орынбасары Пол Хамфридің айтуынша, әзірге шабуылдаушының атыс кезінде қаза тапқаны не өзін-өзі өлтіргені белгісіз.

Хамфридің айтуынша, полиция шабуыл туралы хабар түскеннен кейін бірнеше минут ішінде оқиға орнына жеткен. Кентукки штатының губернаторы Энди Бешир қаза тапқандардың екеуі оның досы екенін мәлімдеді және болған оқиғаны "қайғылы" оқиға деп, көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу