АҚШ-та базалық мөлшерлеме өскеннен кейін елімізде доллар бағамы қымбаттады

569

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы саудада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы артып, 480,96 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

АҚШ-та базалық мөлшерлеме өскеннен кейін елімізде доллар бағамы қымбаттады

Бұл АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі 22 қыркүйекте базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін орын алды. 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 483 теңге, сату – 487 теңге.  

Астананың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 482 теңгеден сатып алынып, 486 теңгеден сатылуда.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша ресми бағам 477,73 теңге.

Еске сала кетсек, Америка Құрама Штаттарының Федералдық резервтік жүйесі 21 қыркүйек базалық мөлшерлемені 0,75 пайыздық тармаққа көтерді. ФРЖ басшысы Джером Пауэлл мұны “инфляциямен күресу үшін қажетті шара” деп түсіндірді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу