АҚШ-та бензин бағасы айтарлықтай төмендеді

508

Баға бір жылғы көрсеткіштен де төмен. 

АҚШ-та бензин бағасы айтарлықтай төмендеді Фото: khersondaily.com

2022 жылдың жазында американдық жанармай құю станцияларындағы бензиннің құны күрт өсті, бірақ жылдың соңына қарай қайта төмендегенін көріп отырмыз. The Wall Street Journal жазғандай, бұл жанармайға сұраныс пен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Америкалық автокөлік жүргізушілері қауымдастығының (AАҚ) мәліметтері бойынша, дүйсенбіде Regular бензинінің орташа құны бір галлон үшін шамамен 3,28 долларды құрады. Бір жыл бұрын баға 3,33 доллар болды, ал маусым айының ортасында көрсеткіш 5,03 доллар деңгейіне жеткен болатын", - деп хабарлайды басылым.

AAҚ өкілі Девин Гладден жанармай құны одан әрі бір галлон үшін 3 доллар деңгейіне дейін төмендейді деп болжап отыр.

WTI маркалы Солтүстік Америка мұнайының фьючерстері өткен жұмадағы сауда-саттық нәтижелері бойынша барреліне 71,2 долларға дейін төмендеп, өткен жылдың ең төменгі көрсеткішін желтоқсан айынан бастап қайта жаңартты.

Бензиннің құны штатқа байланысты өте ерекшеленеді, деп атап өтті WSJ. Мысалы, АҚШ-тың батыс жағалауында бір галлон бензин 4 доллардан сатылса, оңтүстік штаттарда баға белгісі 3 доллардан төмен.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу