АҚШ-та бір құс өсіру кәсіпорынынан құс тұмауы табылды

1117

АҚШ-та бір құс өсіру кәсіпорынынан құс тұмауы табылды

Американың Теннесси штатының билігі құс өсіру кәсіпорнының бірінен құс тұмауы табылғанын хабарлады деп жазады РИА "Новости".

"Құс вирусының жоғары патогенді штаммы Линкольн округіндегі құс өсіру кәсіпорынында құстардың ауруға шалдығуына себеп болғанын ветеринар растады", – делінген штаттың ауыл шаруашылығы департаментінің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сынақтан өткізу штаттың өзінде де, федералды зертханаларда да жүргізілді, олар Н7 вирусының анықталғанын растады. Департамент кәсіпорынның карантинге жабылғанын хабарлады. Сонымен бірге құс тұмауының таралуына жол бермеу үшін билік бұл кәсіпорыннан 10 шақырым радиусында орналасқан өзге 30 құс өсіру фермасына да карантин енгізу туралы шешім қабылдады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, құс тұмауы құстардың инфекциялық вирусты ауруы болып табылады, әдетте оның айқын белгілері білінбейді. Кейбір жағдайларда ол адамдар мен жануарларға жұғып ауруға шалдықтыруы мүмкін немесе еш белгісі жоқ инфекция тудырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу