АҚШ-та Bitcoin ресми түрде мойындалды

1044

АҚШ-та Bitcoin ресми түрде мойындалды

АҚШ-та биткоин үшін фьючерстерді сатуға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл туралы Блумберг агенттігі хабарлады, деп жазады 24.kz.

Алғашқы сауда-саттық 18 желтоқсанда өтуге тиіс. Бастапқыда сатылым барысын АҚШ-тың сауда фьючерстерін сату жөніндегі комиссия мүшелері бақылайды.

Айта кеткен жөн, осы аптада биткоинның құны 11 мың долларға дейін жетіп, курсы тарихи жоғары көрсеткішін жаңартқан болатын. Алайда артынша төмендей бастады. Мамандар танымал криптовалюта құнының өсуі инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуымен байланысты екенін айтады. Мұндай жағдай әлі де байқалады. Тіпті алдағы жылдың аяғына дейін биткойнның нарқы 20 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар болжамы осыған саяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу