АҚШ-та болған атыс салдарынан 22-ге жуық адам қаза тапты

356

60 адамның жарақат алғаны хабарланды. 

АҚШ-та болған атыс салдарынан 22-ге жуық адам қаза тапты Фото: РБК/Офис шерифа округа Андроскоггин

АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Кем дегенде 22 адамның қаза тапқаны хабарланды

  • Полицияның мәліметінше, қаскөй әлі ұсталған жоқ.
  • Штаттың екінші үлкен қаласының тұрғындарына қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес берілді.
  • Полиция күдіктінің суретін жариялады. Ақпаратқа сәйкес, оқиға "әртүрлі жерлерде" болған.

Мэн штатының орталық медициналық орталығының хабарлауынша, жергілікті билік "көптеген адам қаза тапқан үлкен атыс оқиғасына" байланысты жақын маңдағы басқа медициналық мекемелермен күш-жігерді үйлестіріп отыр.

"Льюистонда мерген жүр. Тұрғындардан жасырынуын сұраймыз. Өтініш, үйлеріңізде болыңыздар, есіктеріңізді құлыптап алыңыздар" делінген штат полициясының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ полицейлер күдікті қылмыскерді анықтауға көмек сұрады.

Ақ үй президент Джо Байденге оқиға туралы ақпарат берілгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу