АҚШ-та бюджет тапшылығы 27 пайызға өсті

1173

Ақ Үйдің әкімшілік-бюджет басқармасының болжамы бойынша, 30 қыркүйекте бюджет тапшылығы 1 трлн доллардан асып түсуі мүмкін. 

АҚШ-та бюджет тапшылығы 27 пайызға өсті

Қаржы жылының бірінші 10 айында бюджет тапшылығы былтырғы жылмен салыстырғанда 27 пайызға көтеріліп, 866,8 млрд долларды құрады. Бұл соңғы алты жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Ал өткен жылы бюджет тапшылығы 779 млрд доллар болған еді.  

Ақ Үйдің әкімшілік-бюджет басқармасының болжамы бойынша, 30 қыркүйекте бюджет тапшылығы 1 трлн доллардан асып түсуі мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды науқанында мемлекеттік борыш көлемін азайту туралы берген уәдесі орындалмаған сыңайлы,  өйткені бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсіп келеді. 

Айта кету керек, тапшылықтың өсуіне бірқатар фактор әсер етіп отыр. Ішінде 2017 жылы Трамптың салықты 1,5 трлн долларға азайту туралы бастамасы мен Конгресс қабылдаған  шығындардың ірі пакеті бар.

Салықтық түсімдер биыл 3 пайызға көтеріліп, 2,86 трлн долларды құрады. Дегенмен федералдық шығындардың 8 пайызға артуы борыш көлемін азайтып отырған жоқ. 

Сарапшылардың айтуынша, 2017 жылы жүргізілген салықты қысқартулар мен Конгресс шығындары салдарынан 2029 жылы федералдық қарыз 4,1 трлн доллардан асуы ғажап емес.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу