АҚШ-та ChatGPT жұмысын реттейтін жаңа агенттік пайда болуы мүмкін

705

Бірқатар қоғам қайраткерлері осындай мекеме құруға ұсыныс білдірді.

АҚШ-та ChatGPT жұмысын реттейтін жаңа агенттік пайда болуы мүмкін Фото: google.com

Агенттік ChatGPT сияқты негізгі жасанды интеллект жүйелерін лицензиялаумен айналысуы керек. Microsoft президенті Брэд Смит АҚШ үкіметінің осындай құрылымды құруға ниетін қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Смит The Wall Street Journal газетіне:" Біз жасанды интеллект адамдарға қызмет етіп, нақты пайда әкелугенін қалаймыз, ең бастасы ол адамның бақылауында болуы керек", — деді.

Microsoft Президенті жаңа ЖИ дамуын қадағалау федералды агенттігін құру "ең ақылға қонымды" шешім екенін айтты.

Сондай-ақ, Смит үкімет электр желілері немесе қалалық көлік жүйелері сияқты "маңызды инфрақұрылымға" қатысатын ЖИ жүйелерін қорғау шараларына басымдық беруі керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әкімшілік ЖИ технологияларын үкіметке сататын кез-келген компания жақында ұлттық стандарттар мен технологиялар институты шығарған ЖИ тәуекелдерін басқарудың ерікті жүйесін енгізуі керек деген жарлық шығаруы керек.

Сондай-ақ, компания президенті Microsoft корпорациясы басқа да сала мүшелерімен ЖИ жүйелеріне арналған ерікті стандарттар жиынтығын талқылағанын айтты. Алайда, бұл пікірталастар әзірге бейресми форматта өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу