АҚШ-та Covid-19-ды "қытайлық вирус" деп атауға тыйым салынды

775

Трамп бірнеше мәрте өз сөзінде бірнеше мәрте осы тіркесті қолданған еді.

АҚШ-та Covid-19-ды "қытайлық вирус" деп атауға тыйым салынды

Құрама Штаттар Конгресінің өкілдер палатасы кезекті резолюцияны қабылдады. Бұл құжатта коронавирустық инфекция бойынша Қытайға қарсы әрекеттердің сыналатыны туралы жазылған. Яғни Covid-19 вирусын "қытайлық" немесе "уханьдық вирус" деп атауға болмайтыны жарияланды. 

Резолюция авторлары мұндай тіркестерді қолданғандарды сынауға, Құрама Штаттардағы әр адамның денсаулығын оның ұлтына, шығу тегіне қарамастан қорғауға үндеді.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Covid-19-ды бірнеше мәрте "қытайлық вирус" деп атаған еді. Көптеген қоғам белсенділері бұл мәлімдеме ұлтараздықтың өршуіне, тегі азиялық АҚШ азаматтарына қарсы зорлық-зомбылыққа әкеліп соғады дегенді айтқан болатын. Трамп болса, бұл тіркесті ұлтққа қарсы емес, Қытай еліне бағыттап айтқанын жеткізді. 

Табиғат Нұрболат
Фото: voanews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу