Құрама Штаттарда пандемия басталғалы 500 мың бала коронавирус дертіне шалдыққан. Бұл туралы елдің педиатрия академиясы хабарлады.
Ұйым жариялаған құжатта 3 қыркүйекке дейін тіркелген көрсеткіш жазылған. Мамандар 49 штаттағы әр түрлі жастағы балалар туралы деректерді жинаған.
"Covid-19" жұқтырған балалар саны 513 415-ке жетті. Яғни бұл барлық науқастардың 9,8%-ы",– деп жазылған құжатта.
Мамандардың айтуынша, 100 мың баланың шамамен 680-і ауруға шалдыққан. 20 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында вирус жұқтырудың 70 мың фактісі тіркелген.
Осы күнге дейін 103 бала көз жұмған.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, АҚШ-та 6,3 миллион адам қауіпті дертке шалдығып, оның 190 мыңы қайтыс болды. 2,3 миллионы ем қабылдап жазылған.
Табиғат Нұрболат
Фото: theconversation.com