АҚШ-та дауылдың салдарынан жеті адам қаза тапты

222

Бейсенбі күні кешке АҚШ-тың Хьюстон қаласында болған жойқын дауылдан қаза тапқандар саны кемінде жеті адамды құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ-та дауылдың салдарынан жеті адам қаза тапты Фото: ru.apa.az

Жұма күні Хьюстонның солтүстік-батысында жел жылдамдығы сағатына 100 миль болатын EF-1 торнадосы тіркеліп, ол қала орталығына жетіп, жаппай қирауға әкелген. 

Хьюстон мэрі Джон Уитмир мен Харрис округінің судьясы Лина Идальго жұмада өткен бірлескен баспасөз мәслихатында қалпына келтіру бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

Аймақты электр қуатымен қамтамасыз ететін CenterPoint Energy компаниясының соңғы мәліметтеріне сәйкес, жұма күні таңертеңгі жағдай бойынша Хьюстон аймағындағы 700 мыңнан астам адам әлі де жарықсыз отырған. 

Жұма күні Хьюстон мэрі қаладағы апат жағдайы туралы декларацияға қол қойып, дауылдан болған "қирауды" "орасан зор" деп сипаттады.

Осы айдың басында Техастың шығысында, соның ішінде Хьюстонда адам өліміне әкелген су тасқыны орын алды, аймақта тұрғындар эвакуациянып, мектептер жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу