Иллинойс штатының Эль Пасо қаласының 27 жастағы тұрғыны Дерек Лопес федералды агенттер тарапынан тұтқындалды.
Ол әлеуметтік желілерде Трампқа қарсы өлім қатері сипатындағы жазбалар мен бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді.
Тергеу дерегінше, күдікті өз парақшасында "Мен Дональд Трампты өлтіремін" деген жазба қалдырған және президенттің бейнесіне нысана қойылған сурет жариялаған.
Федералды тергеу бюросы (FBI), АҚШ Құпия қызметі (Secret Service) және Эль Пасо полициясы бірлесіп тергеу жүргізген.
Тергеу нәтижесінде Лопес қамауға алынып, оған АҚШ Президентіне қоқан-лоққы көрсету бабы бойынша айып тағылды.
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін Illinois State University оқу орнында ассистент болып жұмыс істеген. Ол жақында ғана студенттік ұйым өткізген саяси іс-шарада дөрекі әрекеті үшін қызметінен босатылған.
Қазір Лопес федералды қамауда отыр. Егер сот оны кінәлі деп тапса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.