АҚШ-та дронға ұқсас тікұшақ құрастырылды

1628

АҚШ-тың Огайо штатындағы Work Horse компаниясы дронға ұқсас жеңіл тікұшақ құрастырды. Бірақ жоба авторлары құрылғыны әлі де жетілдіріп жатыр. 

 АҚШ-та дронға ұқсас тікұшақ құрастырылды

CNBC дерегі бойынша, оның бағасы 200 мың доллар тұрады.Компания өкілдері  Surefly деп аталатын бұл тікұшаққа отырғандардың жай көлікке оралғысы келмейтіндерін айтады. 

Өйткені ол компьютер арқылы басқарылады. Түсініксіз батырмалар жоқтың қасы. Джойстикті қалаған бағытқа қарай бұрсаң болды, діттеген жерге тез жетуге болады.  

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, тікұшаққа тек 2 адамды тасымалдайды. Surefly-дің көлемі кішкентай болғандықтан және ауа бұрандасының қысқа болуы аппараттың қонуын біраз жеңілдетеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу