АҚШ-та дүлей дауыл соғуы мүмкін

413

Флорида жағалауына "Дебби" тропикалық дауылы жақындап келеді. 

АҚШ-та дүлей дауыл соғуы мүмкін Фото: BBC

Қазірдің өзінде АҚШ-тың Флорида штатында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан 100 мыңнан астам үй шаруашылығы мен кәсіпорындар жарықсыз отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін америкалық ұлттық дауылды бақылау орталығы "Деббиді" бірінші (жоғары) санаттағы дауыл деп жариялады. Дауылдың ортасында желдің ең жоғары екпіні сағатына 129 шақырымға жетеді.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, Мексика шығанағынан келетін дауыл жағалауға жеткеннен кейін шамалы бәсеңсиді, алайда арты су тасқынына әкелуі мүмкін толассыз жаңбырға ұласады.

"Дүйсенбі мен сейсенбі күндері "Дебби" Флориданың солтүстігі мен Джорджияның оңтүстігіне қарай баяу қозғалады", - делінген хабарламада.

Мамандар дауыл Джорджия мен Оңтүстік Каролина штаттарында да жауын-шашынға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

CNN дерегінше, дауылдың Флорида жағалауына жақындауына байланысты Майами халықаралық әуежайындағы 265 рейс тоқтатылып, тағы 300-ден астам рейс кешіктірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу