АҚШ-та екі ұшақ әуеде соқтығысып қалды

629

Үш адам қаза тапты.

АҚШ-та екі ұшақ әуеде соқтығысып қалды

Колорадо штатының Денвер қаласына жақын жерде екі шағын ұшақ әуеде соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. 

Екі кісілік Sonex Xenos ұшағының сынықтары арасынан екі адамның мәйіті табылды, тағы бір марқұмның денесі Cessna 172 ұшағының сынықтарынан табылды. Ұшақтар Денверден солтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде Лонгмонт ауданында соқтығысты.

Қайтыс болғандар туралы ақпарат жарияланбады, оқиғаның себептері мен мән-жайына қатысты тергеу басталды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу