"АҚШ-та экономиканың теріс жағдайлары кейіннен түгел рецессия болып жарияланады"

669

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Kapital.kz сайтына берген сұхбатында "АҚШ-та рецессия басталды ма?" деген сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"АҚШ-та экономиканың теріс жағдайлары кейіннен түгел рецессия болып жарияланады"

"ЖІӨ-нің екінші тоқсандағы деректерінің шығуы АҚШ-та техникалық рецессияның басталғанын (...) білдіруі мүмкін. Алайда бұл тезиспен АҚШ-тың көптеген шенеуніктері, оның ішінде АҚШ Президенті, АҚШ ФРЖ Төрағасы және АҚШ Қаржы министрі келіспейді. Себебі рецессияны ресми анықтау экономикалық белсенділікті төмендету туралы субъективті пайымдауды білдіреді, ол бірнеше көрсеткіштің (ЖІӨ, жұмыспен қамту, нақты кірістер, өнеркәсіптік өндіріс және басқалары) динамикасы бойынша айқын көрінеді. Дегенмен, 1948 жылдан бастап экономиканың қатарынан екі рет теріс өсуінің барлық 10 жағдайы да кейін АҚШ-та рецессия болып жарияланды. Нәтижесінде, бір мезгілде қарама-қайшы екі факті орын алса, Шредингер феноменіне ұқсас парадоксалды жағдай пайда болады", - дейді Молдабекова. 

Оның айтуынша, әлемдік экономиканың өсуі және АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерінің одан әрі көтерілуі дамушы елдердің қатерлі активтері мен валюталар перспективасына оптимизм көзқарас қалыптастырмайды. Демек, бұл да өз кезегінде теңгеге қысым көрсетуі мүмкін.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу