АҚШ-та ең ұзаққа созылған шатдаун аяқталды

78

Енді барлық федералды министрліктер мен агенттіктер жұмысын қайта бастайды. 

АҚШ-та ең ұзаққа созылған шатдаун аяқталды Фото: izi.ru

АҚШ Өкілдер палатасы бюджет жобасын мақұлдағаннан кейін оған АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойды. Федералды үкімет 43 күндік үзілістен кейін жұмысын қайта жалғастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Уақытша бюджет сәрсенбі күні кешке Ақ үй басшысына қол қою үшін жолданды. Бұған дейін құжат жобасын Өкілдер палатасындағы 222 депутат қолдады. Оны АҚШ Сенаты да мақұлдаған болатын.

Қазір Өкілдер палатасында республикалық партиядан – 219, ал демократтарда 214 мандат бар. Екі орын бос тұр. Қарапайым көпшілік дауыс 217-ге тең. Сәрсенбі кешінде залда төрт конгрессмен болмаған. Бұл жағдай бюджет жобасын қабылдау үшін қажетті дауыс шегін 215-ке дейін азайтқанымен, ұсыныс бұл межеден асып түскен.

Президент уақытша бюджетке қол қойғаннан кейін үкімет жұмысы қайта басталады. Осылайша АҚШ тарихындағы ең ұзаққа созылған шатдаун ресми түрде аяқталады. Бұған дейінгі 35 күндік шатдаун Трамптың бірінші президенттік мерзімінде тіркелген болатын.

Қабылданған бюджет жобасы федералды үкіметтің жұмысын келесі жылдың 30 қаңтарына дейін жалғастыруға мүмкіндік береді. Енді барлық федералды министрліктер мен агенттіктер жұмысын қайта бастайды. Яғни, шатдаун салдарынан болған жұмыссыздық пен қызметкерлерді қысқарту процесі тоқтайды деген сөз.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаунды аяқтайтын келісім қабылданғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу