АҚШ-тың Калифорния штатында ер азамат бес адамды атып өлтірді, деп хабарлайды 24.kz.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қанды оқиға Бейкерсфилд қаласында болған. Алдымен ол әйелімен бірге көлік тасымалы компаниясына келген. Сол жерде жанжалдасып, компания қызметкерін, одан кейін өз әйелін атып тастады.
Осы оқиғаға куә болған тағы бір адамды байқап қалған қылмыскер оған да оқ атқан. Бұдан кейін көлікке отырған қылмыскер тағы бір жерге барып, екі адамды өлтіреді. Артынан өзін өзі атқан. Қазір тергеушілер қанды оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу