АҚШ-та футбол алаңы опырылып түсіп, ортасында үлкен шұңқыр пайда болды

183

Оған себеп саябақтың астында орналасқан әктас кеніші, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ-та футбол алаңы опырылып түсіп, ортасында үлкен шұңқыр пайда болды Фото: The Telegraph

26 маусымда таңертең қалалық саябақтағы футбол алаңының бір бөлігі жер астына кетіп, оның орнында тереңдігі 30 метрден асатын және диаметрі 30 метр болатын шұңқыр пайда болды. 

Олтон мэрі Дэвид Гойнс ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Ақауды жою мерзімі әлі белгісіз. Себебі топырақтың күйін инженерлер мен геологтар зерттеуі керек.

Ондаған жыл бұрын футбол алаңының шетінде он метрлік тесік пайда болған. Оны бірден толтыру мүмкін болмаған. Ол үшін жасанды жабынды өзгерту керек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу