АҚШ-та хайуанаттар бағындағы екі гиенадан коронавирус анықталды

766

Бұған дейін 11 арыстан мен 2 жолбарыстан анықталған еді.

АҚШ-та хайуанаттар бағындағы екі гиенадан коронавирус анықталды

Италияның солтүстігінде полиция мен ковид сертификаттарының қарсыластары арасында қақтығыстар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК-тың телеграм арнасына сілтеме жасап.

Триест қаласында манифестке 8 мың адам шыққан. Олар полиция кордондарын асып өтіп, қаланың басты алаңына өтуге тырысқан. 10 адам ұсталып, наразылық білдірушілердің бірі зардап шеккен.

Ал АҚШ-тағы Денвер хайуанаттар бағында екі гиенаға COVID-19 диагнозы қойылды. Жануарлар кенеттен әлсіреп, жөтеліп, танауларынан су аққан. Бұрын осы хайуанаттар бағында коронавирус 11 арыстан мен екі жолбарыста анықталған.

Жапонияда бір жыл үш айдан бері алғаш рет COVID-19 салдарынан көз жұму жағдайлары тіркелген жоқ. Соңғы рет өлімнің нөлдік өсуі Жапонияда өткен жылдың тамыз айында тіркелді. Халқының саны шамамен 126 млн болатын елде өткен тәулікте барлығы 126 жағдай анықталды, оның 21-і Токиода тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу