АҚШ-та иммунитеті төмендерге вакцинаның үшінші дозасы егіледі

947

Қазір АҚШ-та 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялауға рұқсат етілген.  

АҚШ-та иммунитеті төмендерге вакцинаның үшінші дозасы егіледі

АҚШ-та иммунитеті төмен адамдарға вакцинация жасау үшін Pfizer және Moderna шығарған вакциналардың үшінші дозасын қолдануға рұқсат етілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдемесі бойынша, бұл шешімді қабылдауға  "дельта" штамының таралып, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы себеп болған. Үшінші дозаны жақында ғана органдарды трансплантациялау операциясы жасалған адамдар да қабылдай алады.

Бұған дейін FDA америкалық медициналық реттеушісі осы қыстың басында немесе ортасында COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны 12 жасқа дейінгі балаларды егу жоспарын қарастырған еді. Ескере кететін жайт, қазір АҚШ-та 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялауға рұқсат етілген. Препараттардың ешқайсысы кішкентай балаларға қолдануға толық рұқсат алған жоқ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу