АҚШ-та инвестициялық жобаларды дамыту перспективалары талқыланды

514

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстан шетелдік компаниялармен тікелей өзара іс - қимылды жолға қою үшін барлық институционалдық жағдайларды жасауға дайын екенін деп атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ-та инвестициялық жобаларды дамыту перспективалары талқыланды

Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ-қа сапары аясында қазақстандық делегация Нью-Йорк пен Вашингтонда іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Басқарма төрағасы аймақтағы болып жатқан оқиғалар аясында көптеген шетелдік инвесторлар Ресей нарығынан шығып, қызметін тоқтатқанын хабарлады.

"Көптеген компаниялардың Қазақстанға қоныс аударуына байланысты Қазақстанға көшу немесе бірлескен кәсіпорындар ашу үшін мүмкіндіктер ұсыну арқылы шетелдік компаниялармен тікелей өзара іс - қимылды жолға қою үшін барлық институционалдық жағдайларды жасауға дайын екенімізді білдіреміз", - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.
Қазақстандық делегация "Boeing", "Valmont Industries", "Honeywell", "Pfizer", "Champion Foods", "Paramount", "SMP Robotics", "LA Solar Group", "Ardmore Capital", "JP Morgan Chase & Company" және т. б. компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Тараптар Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Келіссөздер барысында Ардақ Зебешев АҚШ Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 55 млрд. АҚШ долл. инвестиция салғандығын  атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу