АҚШ-та Иранның ХАМАС шабуылына қатысы барына дәлел жоқ – Байден

572

Бұл туралы CBS News-ке берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байден айтты. 

АҚШ-та Иранның ХАМАС шабуылына қатысы барына дәлел жоқ – Байден Фото: РБК

АҚШ барлау қызметінде Иранның 7 қазанда Израильде ХАМАС-тың шабуылдарына қатысы бары туралы нақты дәлел жоқ, деп жазады inbusiness.kz. 

"Құпия ақпаратты ашқым келіп отырған жоқ. Алайда ашық айтар болсақ, бұған нақты дәлел жоқ", - деді Байден журналистің сауалына берген жауабында.

Тілшінің нақтылау сұрағына АҚШ басшысы Иранның ХАМАС пен "Хезболланы" ұдайы қолдайтынын айтты. Бірақ та бұл жағдайда америкалық барлау қызметінде 7 қазандағы шабуыл Тегеранда жоспарланғаны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу