АҚШ-та іздеу жарияланған Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды

1799

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты.  

АҚШ-та іздеу жарияланған Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды Фото: threads.com/@bostonglobe2

АҚШ-тың Иллинойс штатында жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың денесі табылған болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, брифинг басталар алдында Қазақстанның АҚШ-тағы дипломаттарынан жаңа ақпарат келіп түскен.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан денесі табылған адамның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат алды", – деді Ерлан Жетібаев.

Қазіргі уақытта америкалық тарап тиісті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Жеке басын анықтау және басқа да қажетті сараптамалар аяқталғаннан кейін ресми ақпарат жарияланады.

СІМ өкілінің сөзінше, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста. Оларға қажетті консулдық қолдау көрсетіліп жатыр. Министрлік америкалық тараптан қосымша ресми мәліметтер түскен сайын жұртшылыққа хабарланатынын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-та жоғалған қазақстандық екі аптадан бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу