АҚШ-та полицей қара нәсілдінін өлтіргеннен кейін, елді тағы да тәртіпсіздіктер мен тонау басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Тіпті Бруклин-Сентер қаласындағы наразылық акциясынан кейін 12 сәуірде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілді. Шаһар мэрі Майк Эллиотт өзінің Twitter-дегі парақшасында халықты сақ болуға және үйлерінде отыруға үндеді. Осы орайда тәртіпті қамтамасыз ету үшін Ұлттық гвардия жұмылдырылды.
Бұған дейін Миннеаполисте полиция қызметкерлері көлігінде отырған қара нәсілді адамды атып өлтіріп, арты тәртіпсіздіктерге ұласып кетті . Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданды.
Қаза болған адам – 20 жастағы Данте Райт. Оның көлігінде полицейлер тоқтатқан кезде бір әйел адам болған. Туыстарының айтуынша, кикілжіңнің туындауына тәртіп сақшыларына көліктегі ауа тазартқышының ұнамауы себеп болған көрінеді. Полиция өкілдері болса, Райтты қамауға алу туралы ордер бар болғанын алға тартып отыр. Райт оқиға орнынан кетпек болған кезде, тәртіп сақшылары оған оқ атқан. Көлік біраз жерге дейін барып басқа көлікке соқтығысқан. Ішінде болған Райт сол бойда жан тапсырды.
Табиғат Нұрболат
Фото: bbc.com