Олардың арасында Индиана штатының азаматы да бар еді. Осы азамат рақымшылық жасалғаннан кейін бірнеше күннен соң полиция қызметкерінің қолынан қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
42 жастағы Мэттью Хаттл жексенбі, 26 қаңтарда атып өлтірілді.
Индиана штатының полициясы мәлімдегендей, тәртіп сақшылары оның көлігін тоқтатып, ұстамақ болған. Бірақ, Хаттл қарсылық танытып, офицермен жанжалдасып, ақыры офицер оған оқ атқан. Күдікті алған жарақатынан көз жұмды.
Полиция қызметкері ақылы әкімшілік демалысқа жіберілді.
"Толық ашықтық үшін мен Индиана штатының полициясынан атысқа қатысы бар офицерге қатысты тергеу жүргізуді сұрадым", – деді Джаспер округінің шерифі Патрик Уильямсон.
Ер адамның не себепті ұсталғаны белгісіз. Полиция Хаттлдың өзімен бірге атыс қаруы болғанын қосып өтті.