АҚШ-та кәсіпорында болған атыстан 5 адам қаза тапты

825

Болжам бойынша күдікті сол компанияның қызметкері.

АҚШ-та кәсіпорында болған атыстан 5 адам қаза тапты

АҚШ-тың Иллинойс штатында атыс болып, кем дегенде 5 адам қаза тапты. Оқиғадан тағы 4 тәртіп сақшысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Атыс Henry Pratt өндірістік компаниясында орын алды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаскөй белгісіз себептермен адамдарға оқ жаудыра бастаған. Полиция 45 жастағы қаскөйдің өзін мерт қылды.

Болжам бойынша күдікті сол компанияның қызметкері. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. 

"Қайғылы оқиғадан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Тергеу ісінің нәтижесін хабарлаймыз. Мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламыз", – дейді полиция басқармасының басшысы Кристен Зиман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу