АҚШ-та қатты қысқы дауыл салдарынан 90-ға жуық адам қаза тапты

Ондаған мың адам жарықсыз қалды. 

АҚШ-та қатты қысқы дауыл салдарынан 90-ға жуық адам қаза тапты Фото: pixabay.com

Теннесси мен Орегонна штаттарында төтенше жағдай орын алып, қатты аязды дауылдың салдарынан сәйкесінше 25 және 16 адам қаза тапты. Мұз кем дегенде қаңтардың үшінші онкүндігінің ортасына дейін сақталады деп күтілуде. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

CBS компаниясы жүргізген есептерге сәйкес, соңғы аптада бүкіл ел бойынша ауа-райына байланысты барлығы 89 өлім тіркелген болатын. Қайтыс болғандар саны Теннесси мен Орегон штаттарында көп болғанымен, Иллинойс, Пенсильвания, Миссисипи, Вашингтон, Кентукки, Висконсин, Нью-Йорк, Нью-Джерси және басқа штаттарда да өлім тіркелді.

Сондай-ақ, алдағы күндерге арналған ауа-райы болжамы көңіл көншітпейді. Бұдан бөлек, Америкада аяздан кейін жылымық күтілуде.

Сонымен қатар, кейбір метеорологтар жылы ауа мен жаңбыр АҚШ-тың Орта батысы мен солтүстік-шығысының кейбір бөліктерінде су тасқынын тудыруы мүмкін деп ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу