АҚШ-та қатты суықтан 90-ға жуық адам қайтыс болды

429

Биыл елде қардың көлемі жылдағыдан екі есе көбірек түскен.

АҚШ-та қатты суықтан 90-ға жуық адам қайтыс болды Фото: телеканал NBC

Теннесси денсаулық сақтау департаменті Орегон штатында ауа райына байланысты кем дегенде 40-тан аса адам қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CBS News агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиғаның көбі Иллинойс, Пенсильвания, Миссисипи, Вашингтон, Кентукки, Висконсин, Нью-Йорк, Нью-Джерси штаттарында болған.

Кейбір өлімнің себептері әлі тексерілуде және олардың ауа райына қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Мысалы, Кентуккиде бес адам жол апатынан, ал Иллинойс штатында төрт адам, оның ішінде екеуі жол апатынан қайтыс болды. Кейбір штаттарда жүргізушілерге қатты суық кезінде жолдарға шықпауды ескертті. 

Ал Миссисипи шенеуніктері тұрғындарға "мұзды жолдардан сақ болуға және қажет кезде ғана көлікпен жүруге" кеңес берді.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, елдің шығыс жартысы осы маусымда ең суық ауа райына тап болуы мүмкін.

Сарапшылар американдықтарға жылы киінуге және гипотермия белгілерін мұқият бақылап отыруды ескертті.

Орегонның батыс жағалауында мұзды дауыл соғып, 45 000-нан астам адам электр қуатынсыз қалғаннан кейін төтенше жағдай жарияланды.

Сондай-ақ, мұндай жағдайлар Пенсильвания, Калифорния, Нью-Мексико және Индиана штаттарында болды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы аптаның басында қар жауып, аязды ауа райы сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу