АҚШ-та Қазақстан азаматының ұсталғандығы туралы ресми ақпарат түскен жоқ – СІМ

1300

АҚШ-та заңсыз көші-қонмен күрес қарқынды жүруде.  

АҚШ-та Қазақстан азаматының ұсталғандығы туралы ресми ақпарат түскен жоқ – СІМ

Нью-Йорк полициясынан Қазақстан азаматының ұсталғандығы туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нью-Йоркте Қазақстан аумағында іздеуде жүрген қазақстандық азаматтың ұсталғандығы туралы ақпаратқа орай мынаны айтқым келеді. Әзірше, Нью-Йорк полициясынан ресми ақпарат бізге келіп түскен жоқ", – деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта америкалық тарап заңсыз көші-қонмен күрес жүргізіп жатыр және ел аумағында жүрген заңсыз мигранттарды анықтау үшін үнемі рейдтер өткізіп тұрады.

"Кейде америкалық полиция біздің азаматтарды ұстағанымен, мән-жай анықталғаннан соң, жібере салады. Алайда оны біздің дипломатиялық өкілдігімізге хабарламайды. Осындай да жайт орын алуы мүмкін", – деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Көші-қон және кеден басқармасының қызметкерлері 12 шетелдік қашқынды ұстағанын, оның арасында Қазақстан азаматы да бар екендігін хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу