АҚШ-та қазақстандық мұнайдың импорт көлемі күрт қысқарды

526

Ақпан айынан бері АҚШ-та отандық мұнайдың импорт көлемі күрт қысқарған. 

АҚШ-та қазақстандық мұнайдың импорт көлемі күрт қысқарды

Америкалық сатып алушылар 2022 жылдың өткен айларында қазақстандық CPC мұнай маркасының 4,3 млн-ға жуық баррелін импорттады. 

Былтырғы ұқсас мерзімдегі көрсеткіш 13,2 млн тоннаны құраған, деп жазады inbusiness.kz "KazService" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Осы жылы трейдерлер Каспий құбыр консорциумынан мүмкіндігінше мұнай алмауға тырысады. Себебі олар оның жеткізілімдері бұғатталуы мүмкін деп қорқады. (Мұнай Новороссийскіден жөнелтіледі, сол жерден Атлантикаға дейін жетуден бірқатар кедергі бар). Оның үстіне Каспийден мұнай айдау объектілері жабдықтарын жөндеу және тоқтату проблемалары қосылды", – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, "Теңізшевройл" отандық мұнай өндіруші компаниясының 50% акциясын иеленген Chevron мұнайды Орта Азия елінен сатып алған.

"Бірақ PBF Energy мұнай өңдеу зауыты (Делавэр-Сити) бұл мұнайды әлі алмаған. Осы айда Калифорнияда қазақстандық мұнай жөнелтілімі болды. Алайда жалпы алғанда Chevron инфрақұрылымы қазақстандық мұнайды әлдеқайда аз тұтына бастады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу