АҚШ-та Қазақстанның үш азаматы ұсталды

730

Қазақстан азаматтарына жалған көлік сатып, адамдардың ақшасын иемденумен айналысқан деген айып тағылған. 

АҚШ-та Қазақстанның үш азаматы ұсталды

АҚШ-та алаяқтықпен айналысқан 25 адамнан тұратын топ әшкереленді. Топта Қазақстанның үш азаматы болған. Бұл туралы АҚШ-тың әділет министрлігі хабарлаған, деп жазады sputniknews.kz.

Нью-Йорктің Оңтүстік округы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топ құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес азаматы, төрт Әзербайжан азаматы, үш қазақстандық, екі латвиялық, екі украин азаматы болған. Сондай-ақ айыпталғандар қатарында АҚШ пен Түркия азаматтары да бар. Сейсенбі күні Нью-Йоркте осы іс бойынша 11 адам ұсталды, тағы біразы Флорида мен Мичиганда қолға түсті, сегіз адам іздеуде жүр, оның алтауы - ресейлік.

Оларға тағылған айыптар бойынша, ҰҚТ көлік сату туралы жалған хабарландырулар таратып, адамдардан кепіл ақша алып, ізін суытып отырған. Осы мақсатта бірнеше жалған фирма ашып қойыпты. Тұтынушылардың шығыны шамамен - 4,5 миллион АҚШ доллары.

ҰҚТ мүшелерінің әрқайсысына алаяқтық мақсатында өзара сыбайласу айыбы тағылған – ол үшін 30 жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін. Сонымен бірге, ақшаны жылыстату мақсатында сыбайласу айыбы бойынша 20 жылға сотталуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу