АҚШ-та коммерциялық мүлік бағасы 40%-ға арзандауы мүмкін

534

Morgan Stanley Management сарапшылары осындай болжам жасап отыр. 

АҚШ-та коммерциялық мүлік бағасы 40%-ға арзандауы мүмкін Фото: interiorsroom.ru

Нарықтағы бағаның күрт түсуі соңғы рет 2008 жылғы дағдарыстан кейін болған екен. Ал оған себеп - коронавирус пандемиясынан кейін, кеңселердің жартылай бос қалуы. Карантин кезінде онлайн жұмысқа ауысқан компаниялардың басым бөлігі сол режимде қалуды тиімді көрген, деп хабарлайды Atameken business.

Онымен қоса, таяуда триллиондаған долларға алынған коммерциялық ипотекалардың жабылатын уақыты келеді. Сарапшылар сол кезде пайыздық мөлшерлеменің өсуіне байланысты қатерлер де көбейетінін алға тартып отыр. Сала мамандары бұл факторлар жылжымайтын мүлік нарығына ғана емес, күллі бизнес-қауымдастыққа кесірін тигізуі мүмкін деп қауіптенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу