АҚШ-та концерт барысында атыс болды

500

Mötley Crüe тобының концерті өткен Оклахома жәрмеңкесінде атыс болды. 

АҚШ-та концерт барысында атыс болды Фото: Fox News

Бұл туралы Fox News хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқ атылғаннан кейін топ музыканттары киім ауыстыратын бөлмеге жіберілді. Ұжымның мүшесі Винсент оқиға жайында Әлеуметтік желіде хабарлады.

"Кеше түнде Оклахома-Ситидегі Crazy Night концертінде атыс болды. Бізге киім ауыстыратын бөлмеге кетуге кеңес берілді. Жанкүйерлерге түсіністік үшін рахмет. Бақытымызға орай, бізде бәрі жақсы", - деп жазды ол.

Полицияның мәліметінше, атыс фактісі бойынша екі күдікті ұсталды, олардың біреуі кейін босатылды, олардың есімдері жария етілмеді. Атыс екі топтың қақтығысына байланысты басталды, бір адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу