Олар тірі емес деген болжам бар. Ұзындығы 2 жарым шақырымдық өткел опырылып түсерде оның үстінен бірнеше көлік өтіп бара жатқан.
Ауқымды құтқару операциясына тікұшақтар мен қайықтар тартылып отыр. Әзірге, судан екі адам тірі табылды. Олардың бірі - хәл үстінде жатыр.
Айта кетейік, Балтимор көпірінің бір бағанын мыңдаған тонна жүк тиелген кеме соққан еді. Су көлігінің экипажы апат алдында дабыл қағып, энергия жүйесінде ақау барын айтқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу