Сауда сессиясының қорытындысы бойынша Нью-Йорк қор биржасының негізгі индекстері төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Сауда алаңының сайтындағы мәліметке сәйкес, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 96,95 пунктке қысқарып, 33 430,24 пункт болды. S&P 500 индексі 3,97 пунктке азайып, 4 073,94 пункт деңгейінде қалды. Nasdaq электрондық биржасының индексі 7,21 пунктке кеміп, 13 698,38 пунктке дейін төмендеді.
5 сәуірдегі сауда-саттық қорытындысы бойынша, Dow Jones және S&P 500 рекордтық көрсеткішке жеткен еді.
"Біз қаржылық нәтижелер туралы көрсеткіштер жоғары болады деп ойлаймыз", – дейді Allianz Investment Management компаниясының инвестициялар жөніндегі маманы Мона Махажан. Оның айтуынша,бұған АҚШ-та экономиканы ынталандыру бойынша қабылданатын шаралар зор септігін тигізбек.
Табиғат Нұрболат