АҚШ-та коронавирус дертіне қарсы дәрі тіркелді

459

FDA ремдесивир дәрісін қолдануға толықтай рұқсат беріп отыр.

АҚШ-та коронавирус дертіне қарсы дәрі тіркелді Фото: reuters.com

Құрама Штаттардың дәрі-дәрмектер мен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау жөніндегі басқармасы (FDA) коронавирус инфекциясын емдеуге арналған препаратты тіркеді. Бұл туралы CBS News хабарлады.

Яғни FDA ремдесивир дәрісін қолдануға толықтай рұқсат беріп отыр. 
Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы болса, ремдесивир инфекцияны емдеу кезінде тиімді емес деген пікірде. Оның айтуынша, дексаметазон деп аталатын препарат қана ауруы асқынғандардың жазылуына айтарлықтай септігін тигізіп отырған көрінеді.

Ескере кететін жайт, 2 қазанда коронавирус жұқтырдым деп хабарлаған АҚШ президенті Дональд Трамп ремдесивир дәрісін қолданған болатын. Сонымен қатар дәрігерлер оған Regeneron компаниясының поликлоналды антиденелерінің 8 грамдық коктейлінен жасалған инъекцияны енгізді. Бұлардан бөлек, америкалық президенттің  мырыш, D дәрумені, фамотидин, мелатонин және аспирин қабылдағаны жарияланды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу