АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны күрт артуы мүмкін

714

Қазіргі таңда қаза тапқандардың саны 135 мыңнан асқан.

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны күрт артуы мүмкін

Құрама Штаттарда алдағы 2-3 аптада Covid-19 инфекциясы құрбандарының саны күрт өсуі мүмкін.Елдің денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Бретт Жируар осындай мәлімдеме жасады. 

"Біздің болжам бойынша, вирустан қаза табу фактілері алдағы уақытта артады. 2-з апта ішінде жұқтырғандардың саны өсіп, сәйкесінше дерт құрбандары да көбеймек", – деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, қазір коронавирус инфекциясын емдеу індеттің бастапқы кезеңіне қарағанда тиімдірек, ем-дом шаралары жетілдірілген, сондай-ақ ремдесведир және стероидтар қолданылы жатыр. Жируар күзде індеттің екінші толқыны басталуы мүмкін дегенді жоққа шығармады. Осы орайда ел билігі коронавирус дертінің қарапайым тұмаумен қатарласуын болдырмауға барынша күш салатынын жеткізді. 

Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та пандемия басталғалы 3,2 миллион адамның вирус жұқтырғаны тіркелді. Осы күнге дейін аурудан 135 мың адам қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат
Фото: ap.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу